Әйгерім Қалаубаева, әнші, тележүргізуші: «Аймақтар аламаны» көрермендердің сүйіп көретін бағдарламасына айналады

-  Әйгерім, жақында Тұрсынбек Қабатов екеуіңіз «Аймақтар аламаны» атты жаңа бағдарламаның жүргізушісі болады деген хабар естіп жатырмыз...

-    Иә, ақпаратыңыз өте дұрыс. Тұрсынбек екеуміз аталған бағдарламаны жүргізбекпіз. Бір ерекшелігі - сайысқа кез келген өнерлі адам келіп қатыса алмайды. Қазақстанның он төрт облысынан іріктелген өнерпаздар ғана қатысады. Он төрт облыс өкілдері қазылар алдында өнер көрсете отырып, ұпай жинайды. Жинаған ұпайлары арқылы іріктеліп, ең соңында бір облыс жеңімпаз атанады.

- Бағдарлaманың негізгі тұжырымдамасы қандай?

-     Жобаның мақсаты - өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу. Әр облыстың тұрғындары жанкүйер болып,  жерлестеріне қолдау көрсетеді. Байқау барысында елімізге жаңа есімдер мен жаңа жұлдыздар белгілі болады деген үміттеміз.

- Ойынның жалпы ережесі туралы не айтасыз?

-     Жоба он бес бағдарламадан тұрады. Бірінші айналымда сегіз облыс іріктеліп алынады. Ширек финалда іріктеуден сүрінбей өткен сегіз облыс сайысқа түссе, жартылай финалда ширек финалдан ұпай саны арқылы басым түскен командалар бір-бірімен ақтық сынға шығу үшін таласады. Финалға жеткен екі облыстың басым түскен өнерпаздары жеңімпаз болады. Осылайша аймақтардан келген өнерпаздар ішінен бір облыс қана «Аламан» атанады.

- Бір бағдарламада сайысқа қанша облыс түсе алады?

-     Бір бағдарламада екі облыс қана сайысқа түседі. Олар бір-бірін жеңу үшін емес, тек әділқазылар қоятын ұпай үшін таласады. Қазылар көрсеткен өнерлеріне қарай бағалап, олардың келесі турға өтер-өтпесін анықтап береді.

- Сайыстың қатысушыларын қандай сындар күтіп тұр?

-          Облыс өкілдері төрт түрлі сайысқа түседі. Олардың біріншісінде ән сайысы болса, екінші би билеуден бәсеке болмақ.Одан кейін облыс намысын боз кілемде палуандар қорғайды. Төртінші байқау - «Дарындылар додасы». Ереже бойынша онда қарапайым адамның қолынан келмейтін өнер көрсетілуі тиіс. Осы төрт түрлі сайыстың қорытынды ұпайы команданың болашағын айқындап отырады.

- Қазылар алқасы ұпай санын белгілеуді қалай жүргізеді?

-   Төрт адамнан тұратын әділқазылар алқасына қоғамда, өнерде өз орнын айқын көрсеткен тұлғалар шақырылып отырады. Бірақ басқа бағдарламалардан айырмашылығы - мұнда өз командаларын жақтап, қазылар бағасына наразылықтарын білдіруге рұқсат етілген. Былайша айтқанда, олар адвокаттың рөлінде. Өз басым олардың сөйлеген сөздері мен шешендіктеріне қайран қалдым. Команда мүшелерінің өнерін қызыл тілмен әспеттегенде, өз-өзіңнен рухың көтеріліп, сөйлеген сөздеріне риза болып қаласың. «Баға әділ қойылмады» деп жақтаушылардың қазылармен қып-қызыл майданға түсіп кететін жағдайлары да жиі болады.

-   Жақтаушылардың дәлелді сөздерінен кеиін райынан қайтып, бағасын өзгерткен қазылар болды ма?

-   Қазылар алқасына көшеден кездейсоқ адамды әкеліп отырғызбайды. Онда өз істерін жетік білетін, өнердің парқын түсінетін мамандар отырады. Қазылар алқасы әрқашанда әділ болуы керек. Сондықтан олар да мұндай бағаны не үшін қойғанына дәйекті дәлелдер келтіріп отырады.

-   Бағдарламаның жаңашылдығы неде?

-   Мұндай жоба Қазақстанда алғаш рет өтілуде. Түсірілім барысы өте қызықты өтті. Шоудың негізгі мақсаты - қай облыстың мықты екендігін көрсету. Облыстың атына кір келтірмей, абыроймен ұтып шығу үшін қатысушылар бар күштерін салып жатыр. Жанкүйерлері де әрқашан қолдап, дем беріп отырады.

- Бағдарламаның түсірілімі қай жерде өтті?

-   «Аймақтар аламаны» теле-шоуы Астана қаласындағы жаңа ашылған «Қазмедиа орталығында» өтті. Бұл өте кең, зәулім ғимарат. Болашақта мұнда бүкіл республикалық арналар шоғырланады деген жоспар бар. Мұны, бір жағынан, дұрыс деп есептеймін. Бәрі бір жерге шоғырланғанда бәсекелестік туып, қазақ өнері дамиды деп ойлаймын.

-   «Аймақтар аламаны» бағдарламасын Тұрсынбек Қабатовпен жүргізу қиындық тудырмай ма?

-   Маған Тұрсынбекпен бірге жұмыс істеу өте оңай болды. Оның қандай іскер адам екенін өздеріңіз де білесіздер. Тек әзіл, күлкі ғана емес, тапқырлық жағынан да жетік Тұрсынбектің арқасында бағдарлама жанданып кетті. Ол көбінесе импровизация арқылы бағдарламаның бойына қан жүгіртіп отырды. Ал мен оның жанындағы кішкене әр беріп тұрушының ғана рөлін ойнадым. Дегенмен, осы бағдарламаны жүргізу барысында өте үлкен тәжірибе жинадым. Өз өнерімді шыңдау үшін бұл маған жақсы сабақ болды.

 

"Жұлдыздар отбасы" (желтоқсан, 2012)

18 декабря 2012, 16:11
6332

Комментарии

Ia Aigerim Kalaubaeva menin kumirim!!!! Birak nege Habar agenttigine mektep kuramalary arasynda kvn jarystaryn otkizbeske? Eeh osyndai bagdarlama awylsa telearnanyn reitingyn birnewe esege koterer ma edi (((
Айгерім өте керемет әнші, әрі биші деуге де болады. ұнайды маган

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания Хабар

Свою историю АО «Агентство „Хабар“ начинает с 1995 года, когда на базе информационной службы Казахского ТВ было создано Национальное Телевизионное Информационное Агентство „Хабар“.

Охват телеаудитории по Казахстану — 98,74 %.

Агентство имеет развитую корреспондентскую сеть по Казахстану (15 корпунктов), и в странах Ближнего и Дальнего зарубежья (7 корпунктов — Австрия, Великобритания, Кыргызстан, Таджикистан, Россия, Беларусь)

Сотрудники:

red13

Поклонники (120):

janetta
e_suleimenov
AlyaLyan
Mauster
BRK-Renat
PILIGRIM
Cherie
Luana_The_Winner
Nuks_krg
Samson
Geri4
Turar111
Mirova
ilias-Abishev
27_seconds_to_mars
sazonova
kadr25
til
iamai
tonami
aizhan_atzh
sandibek
Allegro_kz
Gaukhar_alim
Sakenti
Simma
Guni
balimanoval
meirzhan
aiya_kabiolla
Johnny_Brouhaha
Vinodel
Zhamal_Mukanova
Bakhyt_Asenova
free_ph_07
Yoom
FC_Astana
knpk_aktobe
AniyaBaioraz
SSaltuwa
Bobeka
commonsense
Rif
uservk142761324
ITnews
Vagiz2012
ayaulym_tuymehan
akzhan
koluchka_ibragimova
Kaltayeva
arizan72
Makhashev-fan
nurbol1989
jansaya94
I_see_you_vision
LadyKamaldanova
aigerim_zhokenova
Ne-Angel
Seke
abeke_chekist
RockFootballStar
adilgerey
kuanysh_north
uservk158024245
Yevgeniya
newlife
aymanbayzhigit
mikosh
aigolek86
Daniyar_Aityshev
Ai_Di
zunya
gulnur_kakimzhanova
astana-concert
saltusha_teleu
internet-surfer
gmi_rk
Twins_brothers
tbaigulov
dias-beisenbek
KunSulu93
HappyMarry
vannosuper
Stony_Heart
Kleo_Lama
DildaBulatova
khalimov2004
Zolushka_Kelin
Nadyrbayeva
AstanaTV
Xeniya_Pridatchenko
uservk202208884
uservk201717589
uservk212717259
uservk240076039
RobinHood
Turbo
usmanimam
AizhanMukasheva
Mr_Semsk
sxodim
satel
uservk84278211
jadoremode
Yulie_kenz
red13
KarakozT
Aliana_Ry
Aikumis
khabarkz
usermail10780808980703996336
it_journalist_sdu
bakers
SovetVeteranov
BeYnekz
Jansaya
ilmaz_nurgaliyev
Djemma_Kobra
usermail10417301056120189483
dragonballzmerch