Жаңа республикалық телебайқау – «Жігіт сұлтаны»

13 сәуір күні, сағат 22.20-да «Хабар» арнасында жаңа республикалық көлемде өтетін «Жігіт сұлтаны» республикалық телебайқауы басталады. Жоба ерекшелігі, байқаудың аты айтып тұрғандай, мұнда тек ер жігіттер қатысады. Бағдарлама қатысушыларына қойылған басты талаптар: жасы 18 бен 29 аралығында, бойының ұзындығы 170 см-ден кем емес, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын, қазақ дәстүрі мен тарихынан сусындағын, өнерлі әрі спортпен шыныққан азамат болу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда елімізде нәзік жандылар қатысатын көптеген байқаулар бар: «Қазақ аруы», «Мисс Қазақстан», «Қазақстан топ-моделі», «Қазақ ханшайымы» және т.б. Бірақ  ер жігіттерге ғана  арналған байқаулар біздің елде әзірге болмай тұр. Осыдан 20 жыл бұрын, 1993 жылы алғаш және соңғы рет сондай байқау өткен еді.

Ол дода баршамызға М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері, тележүргізуші және әнші Жалғас Толғанбай атты жаңа есімді сыйлаған болатын. Финалда Жалғас автокөлікті ауызбен бірнеше метрге сүйрегені көптеген отандастарымыздың әлі есінде шығар.

Ақпан айында Астана қаласында байқауға қатысуға үміткерлер арасында  іріктеу  өтті. Қазылар алқасы бәйгеге қатысуға лайық деген 16 үміткерді таңдап алды. Ал сәуір айынан бастап қатысушылар ән сайысы, актерлік шеберлік,  цирк өнері, би жарысы,  ұлттық қолөнер, спорттық бәсеке және т.б. сайыстарда бақтарын сынайды. Әр байқау күнінен кейін бір үміткер жобадан шығып отырады. Финалдық жарыста үздіктің үздігі атану үшін 6 адам сынға түседі деп жоспарланып отыр. Жүлдегерлерді құнды сыйлықтар күтіп тұр, ал бас бәйге – автокөлік.

Қазылар алқасы – әр бағдарламаның тақырыбына сай шақырылған белгілі кәсіптің майталмандары. Жобаның алғашқы шығарылымдары, яғни 13 сәуір мен 20 сәуірде эфирге шығатын бағдарламалар көптеген қызықты оқиғалардың куәсі болған іріктеу кезеңіне арналады.

- «Жігіт сұлтаны» жобасы – қазақстандық көрермендер үшін тың, жаңа, күтпеген бағдарлама, – дейді «Хабар» Агенттігінің бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев. – Алдыңғы буын өкілдеріне де, кейінгі буын өкілдеріне де қызықты болатын жоба. Бағдарламаның әр саны әр түрлі өнер түріне арналады, сонысымен қалың көрерменді еліктіріп отырады деп ойлаймыз.  Төл жобамызда ұлттық нақыш пен заманауи талаптар жақсы үйлесім тапқандықтан, жігіт төресін анықтайтын бұл байқау телевидение айдынында өзінің лайықты орнын алады деп үміттенеміз.

Жігіттің сұлтаны атануға үміткерлер тек  қана сырт келбеті мен сымбатына иек арта алмайды. Қазылар қатысушылардың өнерін бағалап, ақылын, тапқырлығын сынайды.  Өз білімі мен ақылына сүйенген  қатысушылар интеллектуалдық сұрақтарға жауап беру арқылы  қосымша ұпай жинауына мүмкіндігі бар.

13 сәуір күні, сағат 22.20-да «Хабар» арнасында  жаңа жоба – «Жігіт сұлтаны» республикалық телебайқауының тұсаукесерін жіберіп алмаңыздар. Әр сенбі сайын нағыз ер жігіттердің нағыз сайысын көріңіздер!

12 апреля 2013, 10:03
2578

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Компания Хабар

Свою историю АО «Агентство „Хабар“ начинает с 1995 года, когда на базе информационной службы Казахского ТВ было создано Национальное Телевизионное Информационное Агентство „Хабар“.

Охват телеаудитории по Казахстану — 98,74 %.

Агентство имеет развитую корреспондентскую сеть по Казахстану (15 корпунктов), и в странах Ближнего и Дальнего зарубежья (7 корпунктов — Австрия, Великобритания, Кыргызстан, Таджикистан, Россия, Беларусь)

Сотрудники:

red13

Поклонники (120):

janetta
e_suleimenov
AlyaLyan
Mauster
BRK-Renat
PILIGRIM
Cherie
Luana_The_Winner
Nuks_krg
Samson
Geri4
Turar111
Mirova
ilias-Abishev
27_seconds_to_mars
sazonova
kadr25
til
iamai
tonami
aizhan_atzh
sandibek
Allegro_kz
Gaukhar_alim
Sakenti
Simma
Guni
balimanoval
meirzhan
aiya_kabiolla
Johnny_Brouhaha
Vinodel
Zhamal_Mukanova
Bakhyt_Asenova
free_ph_07
Yoom
FC_Astana
knpk_aktobe
AniyaBaioraz
SSaltuwa
Bobeka
commonsense
Rif
uservk142761324
ITnews
Vagiz2012
ayaulym_tuymehan
akzhan
koluchka_ibragimova
Kaltayeva
arizan72
Makhashev-fan
nurbol1989
jansaya94
I_see_you_vision
LadyKamaldanova
aigerim_zhokenova
Ne-Angel
Seke
abeke_chekist
RockFootballStar
adilgerey
kuanysh_north
uservk158024245
Yevgeniya
newlife
aymanbayzhigit
mikosh
aigolek86
Daniyar_Aityshev
Ai_Di
zunya
gulnur_kakimzhanova
astana-concert
saltusha_teleu
internet-surfer
gmi_rk
Twins_brothers
tbaigulov
dias-beisenbek
KunSulu93
HappyMarry
vannosuper
Stony_Heart
Kleo_Lama
DildaBulatova
khalimov2004
Zolushka_Kelin
Nadyrbayeva
AstanaTV
Xeniya_Pridatchenko
uservk202208884
uservk201717589
uservk212717259
uservk240076039
RobinHood
Turbo
usmanimam
AizhanMukasheva
Mr_Semsk
sxodim
satel
uservk84278211
jadoremode
Yulie_kenz
red13
KarakozT
Aliana_Ry
Aikumis
khabarkz
usermail10780808980703996336
it_journalist_sdu
bakers
SovetVeteranov
BeYnekz
Jansaya
ilmaz_nurgaliyev
Djemma_Kobra
usermail10417301056120189483
dragonballzmerch